2024 жылдың 22 ақпан күні Астана қаласының «Әдістемелік орталығы» МКҚК жылдық жоспарына сәйкес №89 мектеп- лицейінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды сүйемелдеуде педагог-ассистенттердің рөлін анықтау мақсатында қала мектептерінің педагог- ассистенттеріне арналған «Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды педагог-ассистенттердің сүйемелдеуі» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында №89 мектеп- лицей педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылармен жұмыс жасаудағы озық педагогикалық іс- тәжірибелерімен бөлісіп психологиялық тренинг, практикалық жұмыстар жүргізді.

Арнайы және инклюзивті білім беру бөлімі басшысы Касымканова Салтанат Есенгалиевна білім беру ұйымдарындағы педагог – ассистенттердің негізгі жұмыс алгоритмі туралы ақпарат беріп өтті. «Болашақ» КҚ-ның кураторы Воронецкая Полина Александровна оқу үрдісіндегі педагог-ассистенттің рөлі туралы баяндады. Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Сембаева А.Б. жалпы мектеп жағдайы, инклюзивті білім берудің ерекшелігімен таныстырып өтті. Мектеп психологі Аширбекова К.Д., педагог-ассистенттер Ракыжанова Г.К., Кенжеғара А.Б., Әшір Ә.Т. АВА әдістемесінің тиімділігін түсіндіріп, инклюзияны қолдау кабинетіндегі жұмыстармен және оқушылардың дағдыларын дамыту мақсатындағы жеке бағдарламалармен жұмыс үлгісін көрсетті. Педагог-ассистенттер Мырзалы Н.Ә., Баймурзина Г.А. жағымсыз-мінез құлықтарға және олардың функцияларына тоқталып, түзету жолдарын практика жүзінде баяндап өтті. Рысмұханбетова З.Р. ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлеріне тоқталды. Мырзалиева А.Н., Каренова М.Т. оқу мотивациясын арттыру және әлеуметтендіру мақсатындағы жұмыстарымен бөлісті. Педагог-психолог Кошенова Г.М. қолдауымен топтық жұмыста жағдаяттар ортаға салынып, шешу жолдары ұсынылып, талданды.
Семинарға 97 педагог-ассистенттер қатысты. Семинар жоғары деңгейде өтті. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.