2024 жылдың 28 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен №89 мектеп-лицей ұйымдастыруымен жаратылыстану пәні сабақтарын зерттеу, зерделеу жұмыстарымен ұштастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Заманауи сабақ- педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында Республикалық семинар өтті. Бұл шараның құрметті қонақтары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Әдістемелік орталығы мен Астана, Талдықорған, Түркістан қалаларының жоғары оқу орындарының өкілдері болды.
Семинардың практикалық бөлімінде №89 мектеп-лицей мен 11 республика мектептерінің педагогтері жаратылыстану пәнінен онлайн- «телекөпір» сабақтар өткізіп, іс-тәжірибе алмасты.
2024 жылдың 28 ақпан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК мен №89 мектеп-лицей ұйымдастыруымен жаратылыстану пәні сабақтарын зерттеу, зерделеу жұмыстарымен ұштастырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Заманауи сабақ- педагогтің кәсіби өсуінің көрсеткіші» тақырыбында Республикалық семинар өтті.
Бұл шараның құрметті қонақтары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Әдістемелік орталығы мен Астана, Талдықорған, Түркістан қалаларының жоғары оқу орындарының өкілдері болды.
Семинардың практикалық бөлімінде №89 мектеп-лицей мен 11 республика мектептерінің педагогтері жаратылыстану пәнінен онлайн- «телекөпір» сабақтар өткізіп, іс-тәжірибе алмасты.
«Абай кабинеті» , «Бала Абай» кабинеттері ашылды. Кабинеттерді ашудағы негізгі мақсат- Абай шығармаларын сүйіп оқу, халқымыздың рұхани құндылықтарын насихаттау. Кабинеттері Астана қаласы бойынша «Бала Абай» жобасының авторы Алмахан Мұхаметқалиқына, Астана қаласы Әдістемелік орталық басшысының орынбасары Алма Каиркеновна салтанатты түрде ашты. «Бала Абай» кабинетін Әдістемелік орталық әдіскері Жанар Сейтахметқызы және мектеп директоры Беимбет Мухаметказиевич ашты. Үйірме жұмыстары «Асық ату», «Қолөнер», «Анаммен оқимын», «Сазбалшықпен жұмыс» көрсетілді. Мектеп дәліздеріне «Жетістіктер көрмесі» ұйымдастырылды. Республикалық іс-шара мектеп көркемөнерпаздарымен дайындалған 120 оқушыдан құрылған хормен аяқталды. Семинар жоғары деңгейде өтті. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ойларымен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.