
2023 жылдың 29 қараша күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқу сауаттылығын дамыту жұмыстарының әдістері мен формалары» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті.
Астана қаласындағы №89 мектеп-лицейінде 2023 жылдың 29 қараша күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқу сауаттылығын дамыту жұмыстарының әдістері мен формалары» тақырыбында қалалық әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: мұғалімдерге кәсіби қиындықтарды жеңу үшін атаулы әдістемелік көмек көрсету, Қазақстан Республикасындағы білім беруді үздіксіз дамыту стратегиясы ретінде үздік педагогикалық тәжірибені белгілеу үшін жағдай жасау, функционалдық сауаттылықты дамыту бойынша жүйелі консультативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді құруға ықпал ету.
Толығырақ29.11.2023 в 22:39 Пікір жоқ 187 қаралды

Астана қаласы әкімдігінің « № 89 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК 2023 жылдың 20 қарашада өткен бос орындарға жарияланған конкурс отырысының нәтижесі бойынша қабылдануға ұсынылған мұғалімдер тізімі
Астана қаласы әкімдігінің « № 89 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК 2023 жылдың 20 қарашада өткен бос орындарға жарияланған конкурс отырысының нәтижесі бойынша қабылдануға ұсынылған мұғалімдер тізімі
Толығырақ21.11.2023 в 14:10 Пікір жоқ 178 қаралды

89 мектеп-лицейінде "Алтын сақа" республикалық челленджі
"Асық ойыны - үлкен халықтық тәрбие. Ұлтымыздың дәстүрі мен мәдениетінің бастауы" Б. Момышулы. Ұлттық ойындар - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, қиялы мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе, денсаулық кепілі,өмір тынысы.
Толығырақ16.11.2023 в 12:00 Пікір жоқ 218 қаралды

Астана қаласы әкімдігінің « № 89 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК 2023 жылдың 8 қарашада өткен бос орындарға жарияланған конкурс отырысының нәтижесі бойынша қабылдануға ұсынылған мұғалімдер тізімі:
Астана қаласы әкімдігінің « № 89 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК 2023 жылдың 8 қарашада өткен бос орындарға жарияланған конкурс отырысының нәтижесі бойынша қабылдануға ұсынылған мұғалімдер тізімі:
Толығырақ09.11.2023 в 02:10 Пікір жоқ 166 қаралды

Қараша айының бірі күні 89 мектеп-лицейінде Болашақ Корпоративтік Қорының кураторы Смолыгина Елена Сергеевна педагог-ассистенттерге "БАЕҚ бар балалармен ынтымақтастықты қалыптастырудың жеті қадамы" тақырыбында курс өткізді.
Қараша айының бірі күні 89 мектеп-лицейінде Болашақ Корпоративтік Қорының кураторы Смолыгина Елена Сергеевна педагог-ассистенттерге "БАЕҚ бар балалармен ынтымақтастықты қалыптастырудың жеті қадамы" тақырыбында курс өткізді. Курс барысында мына тақырыптар қарастырылды: “Басқарушылық бақылауды орнату”, “Оқушыларды ынталандыру түрлері”, “Жағымсыз мінез-құлықты түзету жолдары” және сыныпта БАЕҚ бар балалармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері.
Толығырақ01.11.2023 в 09:15 Пікір жоқ 227 қаралды

2023 жылдың 31 қазан күні "Тәлімгер-мектеп өмірінің айнасы" атты тәлімгерлер мен жас мамандарға арналған семинар-тренинг өтті
Мектебімізде 31 қазан күні "Тәлімгер - мектеп өмірінің айнасы" атты тәлімгерлер мен жас мамандарға арналған семинар-тренинг өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері тәлімгерлер Кульмаганбетова Тендик Саркеновна және Ташкембаева Жанар Ислямбековна ұйымдастырған семинар-тренинг мақсаты: жас мамандар мен тәлімгерлер арасындағы байланысты нығайта отырып, жас мамандарға кәсіби бейімделу барысындағы қиындықтары мен шешу жолдарын талқылай отырып, педагогикалық шеберлігінің қалыпты дамуына көмек беру. Семинарды мектеп психологтары Р.Д.Сариева мен А.Ш.Сапаргалиева психологиялық ұйымдастырушылық кезеңін жақсы көңіл күймен бастады. Семинар-тренинг барысында жас мамандар педагогикалық қызметке бейімделу барысындағы қиындықтары мен шешу жолдарын атап өтті. Тәлімгерлер де жұмыс барысында кездесетін қиындықтар мен шешу жолдарын ортаға салып талқылады. Тренинг соңында жас мамандар мен тәлімгерлер өткізілген іс-шаралар керемет әсер қалдырғандығы, жақсы көңіл-күй сыйлағаны жайында өз пікірлерін білдірді
Толығырақ31.10.2023 в 16:00 Пікір жоқ 283 қаралды

2023 жылдың 31 қазанында 89 мектеп-лицейінде ЕБҚЕ балалармен айналысатын сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен жиналыс өтті.
2023 жылдың 31 қазанында 89 мектеп-лицейінде ЕБҚЕ балалармен айналысатын сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен жиналыс өтті. Директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары А. Сембаева, педагогикалық және психологиялық қызметтің психологы Г. Көшенова ППҚҚ жұмысы, қандай құжаттар толтырылуы тиіс, ЕБҚЕ балалар қалай бағаланатыны туралы айтып берді. Психолог Г. Кошенова мен педагог-ассистенттер сұрақтарға жауап беріп, ЕБҚЕ балаларымен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар берді.
Толығырақ31.10.2023 в 11:54 Пікір жоқ 262 қаралды

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасын іске асыру мақсатында N°89 мектеп-лицейінде 30.09.2023 ж сағат 11.00-де АТА- АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ АЛАҢЫНЫҢ ашылу салтанаты өтеді. "Жетістік үйірмеден басталады" атты АШЫҚ ЕСІК КҮНІНДЕ әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардын қолдауымен, үйірме жетекшілерінің кеңесін алуға мумкіндік болады. Құрметті АТА-АНА, балаңыздың ашылмаған тағы бір қырын ашуға бірге жұмыс жасайық!
Толығырақ29.09.2023 в 11:57 Пікір жоқ 186 қаралды

2023 жылдың 25 қыркүйекте өткен бос орындарға жарияланған конкурс отырысының нәтижесі бойынша қабылдануға ұсынылған мұғалімдер тізімі
Астана қаласы әкімдігінің « № 89 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК 2023 жылдың 25 қыркүйекте өткен бос орындарға жарияланған конкурс отырысының нәтижесі бойынша қабылдануға ұсынылған мұғалімдер тізімі
Толығырақ26.09.2023 в 14:24 Пікір жоқ 259 қаралды

«Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры» атты онкүндік жоспары аясында ҚР қоғам қайраткері, актер, әнші Байғали Есенәлиевпен кездесу өтті.
«Құндылыққа толы кездесу» 2023 жылдын 25 қыркүйек күні N°89 мектеп-лицейде қазақ тілі және әдебиеті пәні бірлестігінің «Тіл ғұмыры - ұлт ғұмыры» атты онкүндік жоспары аясында ҚР қоғам қайраткері, актер, әнші Байғали Есенәлиевпен кездесу өтті. Кездесуге әдістемелік орталықтың әдіскері Жанар Сейдахметқызы және қала мектептерінін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері келіп, өздерінің ойларымен бөлісті.
Толығырақ25.09.2023 в 13:05 Пікір жоқ 257 қаралды