Меню KDT

logo.jpeg?_=1684464317
АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ №89 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ» ШЖҚ МКК


+7 (7172) 91-83-30

14 ақпан күні № 89 мектеп - лицейінде «Interactive methods of teaching English» қалалық семинар практикум ұйымдастырылды.

14 ақпан күні № 89  мектеп - лицейінде «Interactive methods of teaching English» қалалық семинар практикум ұйымдастырылды. Мақсаты – Педагогтардың  кәсіби құзырлығын  қалыптастыруда Интер белсенді әдістерді тиімді пайдалану және тәжірибе алмасу.


        14 ақпан күні № 89 мектеп - лицейінде «Interactive methods of teaching English» қалалық семинар практикум ұйымдастырылды.Мақсаты – Педагогтардың  кәсіби құзырлығын  қалыптастыруда Интер белсенді әдістерді тиімді пайдалану және тәжірибе алмасу. Аталған іс-шараға орта білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері қатысты.89 мектеп- лицейінің әкімшілігі ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің сапалық құрамымен таныстырып, семинардың мақсатын айтып өтті. Әдістемелік орталықтың әдіскері Амирова Алтынай Бекбаевна ағылшын тілін оқытудағы белсенді әдіс тәсілдердің тиімді түрлерімен таныстырып өтті. №38 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері, Кусаинова Ш.Т 9 сыныпта “ Carnivals and festivals” тақырыбында; Асанова Ф.Ж 3 сыныпта “ Exploring space” тақырыбында; Динжуманова Д.Е 8 сыныпта “ Natural reserves” тақырыбында; Сәрсенбай Б.Т 5 сыныпта “A review of a film” тақырыбында; Айсабаева А.Д 4 сыныпта “Healthy world” тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Пән мұғалімдерінің қатысуымен “The effective ways of improving reading skills through IT tools” тақырыбында Сералина А.Н және Төребекова Г.М; “Development of students’ listening skills” тақырыбында Аралбай С.Б және Қасымова Б.С семинардың секциялық бөлімінде коучингтер өткізді. Султанбекова А.Г. және Аманжолова Б.Е.келген мұғалімдермен «Сыни тұрғыдан ойлау арқылы сөйлеу және ақыл-ой әрекетін дамыту» тақырыбында әңгімелесу кезеңін өткізді. Сондай ақ, 11 сынып оқушыларымен “Should the Government Control the Use of Artificial Intelligence?” тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
      Секциялық бөлімінде көрсетілген мектептердің педагог зерттеушілері: № 38 мектеп лицей Бекмухамбетова К.М “Teaching English grammar through interactive methods” және Қадыр Мырза Әлі атындағы BINOM мектебі Ескендір Сәуле Қайырбекқызы "Unlocking the Potential: Interactive Teaching Approaches in English Language classroom" тақырыбында шеберлік сыныптар өткізді.Семинар 5-сынып оқушыларының қойылуымен ағылшын пән мұғалімі Абдиева У. А ұйымдастырған “Күлшеқыз” ертегісімен аяқталып, соңында Әдістемелік орталықтың әдіскері Амирова А. іс-шараны қорытындылады. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс берді. Қала мектептерінен 60 қа жуық мұғалім қатысты.



Пікір жоқ
100 қаралды
Авторы: 89mektep
Қосылды: 14.02.2024 в 22:52

Choose Color