Азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту, олардың белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет. Бұл азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды бөлігі»«Азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту, олардың белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет. Бұл азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмысымыздың маңызды бөлігі
ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ: «МЕНІҢ БАУЫРЫМ» ЕРІКТІЛЕР БАСТАМАСЫН БАЛАЛАР МҮДДЕСІ ҮШІН ҰЛТТЫҚ КЕҢ АУҚЫМДЫ ҚОЗҒАЛЫСҚА АЙНАЛДЫРУ
ЖОБАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
-Балалар мен жастар арасында көшбасшылық қасиеттер мен белсенді азаматтық ұстанымды дамыту;
-Балалар мен жасөспірімдерді және еріктілерді әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға тарту;
-Жауапты, бейімделген, дені сау тұлғаны қалыптастыру;
-Мектеп-Бала-Ата-ана қарым-қатынасының сапасын арттыру;
-Психологиялық-педагогикалық жұмыста студенттердің практикалық дағдыларын дамыту;
-Еріктілердің мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, білім беру ұйымдарымен, меценаттармен әлеуметтік әріптестігін дамыту;
-Теледидар және әлеуметтік желілер арқылы еріктілер жұмыстың оң имиджін насихаттау.
Еріктілер қызметін ұйымдастырушылар – ЖООлар, «Өркен» КЕАҚ ҚР ОАМ
Қолдау – Облыстық білім беру басқармалары және ЖАО
Әдістемелік сүйемелдеу – «Өркен» КЕАҚ ҚР ОАМ